Алматының коммуналдық қызметтері су басу қаупінің алдын алу үшін қалай жұмыс істейді

18.03.2022 в 15:30

2022 жылдың 18 наурызында сағат 04:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады. Су басудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түнде мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Суды кедергісіз өткізу және сорып шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жалпы саны 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 2000 қап құм дайындалды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 наурызда кейде қатты жаңбыр жауады, ол үзілістермен 20 наурызға дейін болжанады.  Ауа температурасы 3-тен 5 градусқа дейін өзгереді.