«Найзағай жарқылдап, жел тұрады»: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы

26.08.2019 15:31

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал

открытые источники

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігі циклон және соған байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік  және шығыстың кей жерлерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.  

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.  

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің 15-22 м/с күшеюі мүмкін.

Атырау облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.