Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше тасжол жабылды

25.03.2022 15:55

Қысқы жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр

ktk.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың бес бөлігі жабық күйінде қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар тасжолдың бес бөлігінде көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Қар жауу, боран және нашар көрінуге байланысты қазіргі уақытта мына бағыттар жабық:

Ақмола облысы

24 наурызда сағат 18:00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған - Петропавл автожолында барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді, 377-440 километр, учаске: Қостанай облысының шекарасы - Державинск қаласы.

Қарағанды облысы

22 наурызда таңғы сағат 7:00-ден бастап Жезқазған-Петропавл автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, километр 142-252, учаске: Сарлық ауылы-Қостанай облысының шекарасы.

24 наурызда сағат 11:45-тен бастап Екатеринбург-Алматы автожолында, 1473-1505 километрде, учаске: Солтүстік-Шығыс айналма жолы.

Қостанай облысы

2022 жылғы 22 наурызда сағат 07:45-тен бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл, 252-340 километр автожолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, учаске: Қарағанды облысының шекарасы - Арқалық қаласы.

2022 жылғы 24 наурызда сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған - Петропавл тас жолының 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы-Ақмола облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жолдардағы қолайсыз ауа райының зардаптарын жоюға 600-ден астам арнайы техника мен 1100 жол қызметкері жұмылдырылған. Жолдарға көктайғаққа қарсы 5500 текше метр материал жұмсалды.

Айта кетейік, 19-25 наурыз аралығында Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және басқа да облыстарда 112 жол шектеуі енгізілген болатын.

Қысқы жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Төтенше жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.