Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде өңірдің басым бөлігінде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарына тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел екпіні - 17-22 м/с.
Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.