17 қыркүйекте Қазақстанның барлық дерлік өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, кейбір облыстарда шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметінше, 17 қыркүйекте республиканың 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.
Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге дейін барады деп күтілуде.
Ақтөбе облысында да қатты жел тұрады – екпіні секундына 15-20, 18 метр.
Алматы облысында – найзағай, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел.
Атырау облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Жамбыл облысында да жел күшейеді – екпіні 23-28,30 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.
Қарағанды облысында қатты жаңбыр жауады, желдің екпіні кей жерлерде 23-28, 30 м/с болады.
Қостанай облысында тұман түседі, 15-20, 23 м/с жел соғады.
Қызылорда облысында найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге дейін барады. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.
Маңғыстау облысында – шаңды дауыл, 15-20 м/с жел.
Павлодар облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түседі деп болжанып отыр. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20, 25 м/с жел соғады.