Бүгін бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады
Қазгидромет РМК 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
31 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман күтіледі.
Түнде 31 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының түнде оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталағанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең 30-31 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 31 желтоқсанда екпіні 25 м/с күтіледі.