Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 6-сы күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батысында ғана түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 20-25 метр болады, екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.