Қазақстанда үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

02.11.2020 15:39

Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. 

2 қарашада түнде Көкшетау қаласында тұман түседі, көктайғақ болады. 

2 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. 

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.