Ақорданың үстіне бірден үш күн көтерілді

23.01.2019 15:39

Астаналықтар 23 қаңтар күні таңертең аспаннан ерекше құбылыс байқады. Олар президент резиденциясы - Ақорданың үстінен бірден «үш күн» көру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Sputnik Казақстан.

Куәгерлердің бірі бұл құбылысты ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Елорда тұрғындарының сөзінше, аспандағы үш күннің жарқырауы өте керемет сезім тудырыпты.

Басылым журналистерінің айтуынша, бұл құбылыс табиғатта өте сирек кездеседі. Ал ғалымдар оны «гало» деп атайды екен.

Жалпы, табиғаттың бұл құбылысы жарқыраған сақина сияқты немесе жарық көзінің айналасындағы кемпірқосақ сынды көрінеді.

Ертеде халық мұндай құбылыстарды бір белгіге теңеген.