Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алматы облысы
2023 жылдың 22-23 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метрден төмен биіктік аймағында) жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Жамбыл облысы
22-23 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 22, тәулік бойы 23 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22-23 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз 22, тәулік бойы 23 ақпанда екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.
25 ақпанда Жамбыл облысында жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ақпанның 24-25-не қараған күні күндіз ауа температурасының 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус жылыдан 3 градус аяз - 2 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 25 ақпанда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ақпанның 24-25-не қараған күні күндіз ауа температурасының 10-12 градус жылыдан 0-2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Қызылорда облысы
23 ақпанда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батысқа соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 23 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
23 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
23 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 23 ақпанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.
Атырау облысы
23 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Атырау қ.: 23 ақпанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 23 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысы
23 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
23 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 23 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысы
23 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.
Шымкент қ: 23 ақпанда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 23 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Петропавл қ: 23 ақпанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысы
Түнде 23 ақпанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ: 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
23 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, облысының оңтүстігінде, шығысында қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Павлодар қ.: 23 ақпанда бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы
2023 жылдың 22 мен 24 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.