|
08.12.2021 | 10:47
4111

Жел тұрып, тұман түседі: Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жел тұрып, тұман түседі: Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды platon.asia

«Қазгидромет» 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман кутіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде таңертең және түнде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл түрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 17-22 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласы күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың солтүстік бөлігінде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі деп күтілуде.

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир