|
06.02.2019 | 10:47
3311

Астана – Қызылорда бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан стансаға қайтарылды

Жолаушылар билетке төлеген ақшасын 100 пайыз қайтарып ала алады

Астана – Қызылорда бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан стансаға қайтарылды Sputnik.

«Астана – Қызылорда» бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан тоқтатылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

35 градус аяз салдарынан №92 «Астана -Қызылорда» хабарламасындағы пойызды Айсаи стансасында тоқтатып, Қарағандыға қайтару туралы шешім қабылданды. Тасымалдаушы компаниядағылардың айтуынша, жолаушылар билетін қайтарып, оған төлеген ақшасын 100 пайыз қайтарып ала алады. Ал Қызылордаға жолын жалғастырғысы келгендерге №86 «Астана-Сарыағаш» пойызымен жолға аттану ұсынылды. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін «Астана-Сарыағаш» пойызына 6 купелік вагон қосылды.

Ал қайтарылған билеттерді  Қарағанды стансасында қосымша кассирлер жұмысқа тартылады.

Сонымен қатар тасмалдаушы компанияның баспасөз қызметіндегілер жолаушыларға тегін тамақ ұйымдастырылғанын айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир