|
06.02.2019 | 10:54
1431

Алматыда 20 сантиметр қар жауды: Әкімдік көліктерді жол шетіне қоймауды сұрады

Алматыда 20 сантиметр қар жауды: Әкімдік көліктерді жол шетіне қоймауды сұрады Теngrinews.kz

Алматыда 6 ақпанға қараған түні қалың қар жауа бастады, деп хабарлайды Теngrinews.kz порталы қалалық Жасыл экономика басқармасындағыларға сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, сағат 01:00 мен 08:00 аралығында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен, ал таулы аймақтарда 30 сантиметрден асқан. Қар тазалау жұмыстарына 574 арнайы техника жұмылып, көктайғаққа қарсы 3100 тонна материал қолданылған.

Сондай-ақ, күндізгі уақытта 718 арнайы техника мен 2 200 жұмысшының жұмылатыны айтылады.

«Осыған байланысты Алматы қалалық әкімдігі көлік жүргізушілерінен қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде көліктерін қалдырмауды сұрайды. Әсіресе, түнгі уақытта. Тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көлік құралдарының эвакуатормен алып кететінін ескертеміз», - деп хабарлады басқармадағылар.

Қар тазалау жұмыстарын 7 ақпанда кешкі уақытқа дейін аяқтау жоспарланып отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир