Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Almaty.tv «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Атап өткенде, Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолының 526-610 шақырымы, Батыс Қазақстан облысы – Қобда ауылы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облысында жолдың бірнеше учаскесі жабылды. Осылайша, төмендегі тасжолдарда көліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген:

1. «Самара-Шымкент» тасжолының 394-526 шақырымдары, Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы учаскесі

2. «Самара-Шымкент» тасжолының 266-394 шақырымдары, Подстепное ауылы – Жымпиты ауылы учаскесі

3. «Самара-Шымкент» тасжолының 195-251 шақырымдары, Орал қаласы –РФ шекарасы учаскесі.

4. «Атырау-Орал» тасжолының 189-251шақырымдары, Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы учаскесі.

5. «Подстепное-Федеоровка-РФ шекарасы» тасжолының 0-144 шақырымдары, Подстепное кенті – РФ шекарасы учаскесі.

6. «Орал-Тасқала – РФ шекарасы» тасжолының 195-251 шақырымдары, Орал қаласы – РФ шекарасы учаскесі.

Еске сала кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Телеграм әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты құрылды, онда республикалық маңызы бар бағыттардың жабылуы мен ашылуы туралы жедел хабарланады.

Қазавтожол заматтарды күн райының өзгеруіне баса назар аударуға және алыс жолға шықпауға шақырады.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының 1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласу керектігі айтылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров