Батыста сақтық шарасы қолға алынды

19.05.2024 15:50

Су басу қаупіне байланысты екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Almaty TV

Су басу қаупіне байланысты Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы "Атырау-Орал" тасжолының үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап.

Су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

"Атырау-Орал" автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін);

"Атырау-Орал" автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы;

БҚО-да Атырау облысындағы су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:

"Атырау-Орал" автожолының 189-492 шақырымы, Орал қаласы - Атырау облысы шекарасы учаскесі.

Оқи отырыңыз:19 мамырға арналған ауа райы болжамы