Еліміздің кей аймақтарында үсік жүреді

23.08.2022 15:50

Алматыда бүгін күн ыстық және ашық

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Сейсенбі, 23 тамыз күні Алматы мен Шымкент қалаларында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, ал Нұр-Сұлтанда күн жаңбырлы. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" метеорологиялық қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін елордада тағы да жаңбыр жауады, ауа температурасы +19...+21 градус болады.

 Нұр-сұлтандықтарға желдің 9-14 м/с күшеюі туралы да ескертіледі. 

Ал Алматыда бүгін күн ыстық және ашық. 

Оңтүстік астанада термометр бағанасы +26...+28 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. 

Шымкентте ауа температурасы +29...+31 градусқа дейін жылынады, бірақ мегаполисте жел 8-13 м/с күшейеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында үсік жүреді.