Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

15.08.2019 15:51

фото из открытых источников

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауарайы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Еліміздің кейбір бөлігінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел екпіні күндіз 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде  шаңды дауыл тұрады.

Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында дауыл тұрып, бұршақ жауып жел екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.