Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады – ТЖД

01.02.2023 15:52

Туристер мен демалушылардан таулы аймаққа шықпауды ескертеді

elements.envato.com

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Instagram парақшаға сілтеме жасап.

"Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 01-05 ақпан аралығында көшкіні қаупі сақталады. Соған байланысты, туристер және демалушылар қар көшкінін тудыру қауіпі болғандықтан қарлы беткейлерге шықпаңыздар, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай ауданында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.