Кей өңірлерде өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» РМК-сы 12 тамыз ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қарағанды облысы
12 тамызда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Жетісу облысы
12 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіңі 15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 12 тамызда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіңі 15-20 м/с.
Астана
12 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
12 тамызда түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
12 тамызда Костанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 12 тамызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
12 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 12 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
12 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 12 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
12 тамызда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
12 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
12 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 12 тамызда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
12 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
12 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ: 12 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.
Абай облысы
12 тамызда түнде Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 12 тамызда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с. 12 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
12 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қ.: 12 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
12 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 12 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 12 тамызда солтүстіктен жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
12 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 12 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. Түркістан қ.: 12 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. 12 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.