Алматы облысында республикалық жолдың бір бөлігі жабылды

18.02.2022 15:59

ТЖД азаматтарға 112 қызметі таратқан SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды өтінді

24.kz

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 ақпанда сағат 09:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал – Достық тас жолында (84-тен 184 шақырымға дейін – Көктұма ауылы – Достық ауылы) көліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысы тоқтады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі таратқан SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды өтінді.

«Ұзақ сапарға шыққанда ауа райы болжамын тексеріп, экстремалды жағдайларда көмектесетін барлық қажет затты өзіңізбен ала жүріңіз. Олар: үрлеу шамы, кабель, дөңгелектерге арналған шынжыр, күрек, парафин шырағы, сонымен бірге жылы киім, тамақ және су. Қарлы боран немесе қатты аяз кезінде көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге бейтаныс жерде тоқтап қалса, көлікте қалғаныңыз жөн. Жол бойымен басқа көлік өткенін күтіңіз немесе «101» және «112» байланыс нөмірлеріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.