11 облыстың жүргізушілеріне ескерту жасалды

Depositphotos
Depositphotos

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылғы 4 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда абай болу ескертіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау, жолдардағы көктайғақ пен төмен көріну жағдайларын ескеру ұсынылады", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Оқи отырыңыз: Биыл Отбасының цифрлық картасы арқылы 231 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Новости партнеров