Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты екі жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынды.
«25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында («Алтай Альпісі» демалыс базасы мен Северное ауылының арасы) және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Бұған боран, қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болып отыр», - делінген ақпаратта.