Жауын жауып, көктайғақ болады – Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады

27.11.2021 16:01

Кешкі және түнгі уақытта ауа температурасының минус 8-10 градусқа дейін төмендейді

Қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасының минус 8-10 градусқа дейін төмендеп, тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты мұз қатып, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

«Көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты сақтауға және жылдам маневр жасамауға шақырамыз.

Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес береміз», – делінген хабарламада.