Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болады

10.06.2024 16:02

Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады

Almaty.tv

Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы ұлғаяды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық құрғақшылық:

  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында;
  • Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
  • Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
  • Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында болуы мүмкін.

Маусымда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болады.

Елдің қалған бөлігінде осы ай үшін нормаға жуық ылғал болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 10-16 маусым аралығындағы ауа райы болжамы