Еліміздің 8 қаласында ауа ластанады

27.11.2022 16:04

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

dauletten.kz

Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-га сілтеме жасап.

«2022 жылғы 27 қарашада Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі), Теміртау, Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық көрсету