Көктайғақ: алматылық көлік жүргізушілерге дөңгелектерді ауыстыру ұсынылды

08.11.2022 16:06

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді

04868.com.ua

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты сілбі қарға ұласады деп күтіледі. Осыған орай қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті алматылықтар!

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда  күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты сілбі қарға ұласады деп күтілуде. Түнде 8-ден 9 қарашада ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақтылы ауыстыруды ұсынамыз. Жолда көктайғақтың әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, бүйірлік аралықты сақтаулары, кенеттен маневрлер мен тежеулер жасаудан аулақ болулары тиіс», - делінген хабарламада.