Солтүстік атлантикалық циклон: елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

12.08.2024 16:07

Қазақстан бойынша жел күшейеді

Victor Glutsenko

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы ауа райы Солтүстік атлантикалық циклон әсерінен қалыптасады. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. 13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

"Елдің оңтүстігі мен шығысында күндіз +35...+38 градус ыстық болуы мүмкін, термометр +18...+26-дан +22...+33 градусқа дейін ауытқиды", - делінген хабарламада.