«Қазгидромет» РМК-сы 13 тамыз күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы
12-13 тамыз Кіші Алматы өзендері алабында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты сел қалыптасу қаупі бар.
2023 жылғы 12-13 тамызда Алматы облысында, Алматы қ. және оған іргелес аумақтарда жауған және жалғасып жатқан нөсер жаңбырға байланысты беткейлерде ағынды сулардың пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі, арнасынан тасуы және су басуы күтілуі мүмкін.
13 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
13 тамызда күндіз Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 13 тамызда күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
13 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Атырау облысы
13 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 13 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
13 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
13-14 тамызда Актобе облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
13 тамызда Абай облысының басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 13 тамызда облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 13 тамызда найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 13 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
13 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ: 13 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысы
13 тамызда түнде және таңертең Костанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
13 тамызда Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қ.: 13 тамызда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
13 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 13 тамызда күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 13 тамызда күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 13 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
13-15 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 13 тамызда облыстың таулы аудандарында, күндіз 13, тәулік бойы 14-15 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
13 тамызда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы
13 тамызда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 13 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
13 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 13 тамызда жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
13 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 13 тамызда таңертең қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 13 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
13 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 13 тамызда күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.