Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек
30 қазанда еліміздің Алматы, Астана және Ақтау қалаларында ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада 30 және 31 қазанда көшпелі бұлт күтіледі, күндіз аздаған жауын-шашын, жаңбыр мен қар, секундына 2-7 метрге дейін жететін жел болады. 30 қазанда түнде ауа температурасы 4-6 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 2-4 градус жылы температураға дейін көтеріледі. 31 қазанда түстен кейін 0-2 градус аязға дейін салқындайды.
Алматыда 30 және 31 қазанда көшпелі бұлт болып, кейде секундына 3-8 метрге дейін жететін жел мен жаңбыр күтіледі. 30 қазанға қараған түні ауа температурасы 4-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 13-15 градус жылыға дейін көтеріледі. 31 қазанда 3-5 градусқа дейін салқындайды.
Ақтауда 30 қазанда жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі, жел секундына 5-10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 13-15 градусқа дейін жылынады. 31 қазанда жауын-шашын жаумайды, түнде ауа температурасы 6-8 градус жылыға дейін жетеді.
"30 қазан, 31 қазанға қараған түні метеорологиялық жағдай қала атмосферасын ластайтын заттар жиналуына ықпал етеді. Қалалар бойынша 30 тәулік, 31 қазанға қараған түні ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіліп отыр. Ашық ауада, әсіресе, көлік жолдарының немесе басқа да ластану көздері маңында ұзақ уақыт болмау қажет. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек", - деді Қазгидромет өкілі.