|
27.07.2022 | 11:21
729

Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды

Бұл 1951 жылдан бергі ең ұзақ жоғары температура кезеңі болады

Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды Фото: ашық дереккөзден

Қытайдың мемлекеттік метеорологиялық орталығы ҚХР-дың бірқатар өңірінде аптап ыстық салдарынан қызғылт сары деңгей жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 27 шілдеде Оңтүстік Қытайдың көптеген аудандарында және Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінде (ШҰАӨ) ауа температурасында 35 градустан асады. Ведомство Чжэцзян, Цзянси, Хунань провинцияларында, сондай-ақ ШҰАӨ-де термометр бағаны 40 градустан асатынын атап өтті. Елде аптап ыстық жеті күнге созылады. 

Дүйсенбі, 25 шілдеде Гуанчжоу қаласында (Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай) температура 42,4 градусқа жетті. Осыған байланысты Қытай мегаполисінде температура қаупінің ең жоғары, қызыл деңгейі енгізілді. Жергілікті синоптиктердің болжамынша, Гуанчжоудағы аптап ыстық 31 шілдеге дейін созылып, 23 күнге жалғасады. Бұл 1951 жылдан бергі ең ұзақ жоғары температура кезеңі болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир