Ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде жол учаскелері жабылды

kz.oqu.news
kz.oqu.news
Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

KazAvtoJol мәліметінше, 10 ақпан күні сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысында – 2 учаске:

- тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;

- автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт- Қорғас арасы;

Жамбыл облысында – 1 учаске:

- көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)

Жетісу облысында – 2 учаске:

- тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;

- «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.

Новости партнеров