Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

01.09.2024 16:18

Бірқатар өңірде күн бұлттанып, жаңбыр жауады

elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК сайтында бүгінге, 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада күн ала бұлтты, кейде жаңбыр, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде +5... + 7°C, күндіз + 11...+13°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, түнде температура + 15...+17°C, күндіз + 28...+30°C.

Шымкентте жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, ауа температурасы түнде + 15...+17°C, күндіз + 30...+32°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз + 34...+36°C.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз + 22...+24°C.

Атырауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз + 30...+32°C.

Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м / с, түнде ауа температурасы + 9...+11°C, күндіз + 19...+21°C.

Қарағандыда күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м / с, түнде ауа температурасы + 6... + 8°C, күндіз + 12...+14°C.

Көкшетауда күн ала бұлтты, кейде жаңбыр, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде + 4... + 6°C, күндіз + 10...+12°C.

Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, таңертең және түстен кейін облыстың орталығында 15-20 м / с, ауа температурасы түнде + 12...+14°C, күндіз + 24...+26°C.

Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. ауа температурасы түнде + 6... + 8°C, күндіз + 15...+17°C.

Қызылордада жауын-шашынсыз, жел 9-14, таңертең және түстен кейін екпіні 15-20 м/с, түнде ауа температурасы + 15...+17°C, күндіз + 25...+27°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз + 13...+15°C.

Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде жел 9-14, күндіз 15-20 м / с, түнде ауа температурасы + 6...+8°C, күндіз + 13...+15°C.

Семейде күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5-10, күндіз екпіні 15-18 м / с, ауа температурасы түнде + 10...+12°C, күндіз + 16...+18°C.

Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, ауа температурасы түнде + 10...+12°C, күндіз + 26...+31°C.

Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде + 14...+15°C, күндіз + 26...+30°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, ауа температурасы түнде + 16...+18°C, күндіз + 31...+33°C.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, ауа температурасы түнде + 10...+12°C, күндіз + 26...+28°C.

Өскеменде күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5-10, күндіз екпіні 15-18 м / с, түнде ауа температурасы + 11...+13°C, күндіз + 16...+18°С.