Қар, тұман, жел: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

15.12.2019 16:18

"Қазгидромет" синоптиктері жексенбі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады

baribar.kz

Қазақстанның басым аумағында ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын тоқтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бұған қоса, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.

Республиканың кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ, жел мен бұрқасын сақталады.

Дауылды ескерту

Жексенбі күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ал Қызылорда облысының кейбір аумақтарында көктайғақ сақталады, сондай-ақ жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 15 желтоқсанда күн бұлтты, жел 4 м/с дейін бәсеңдейді. Түнде термометр бағамы - 19, ал күндіз - 13 градусқа жетеді.

Алматы қаласында күн бұлтты болады, қар жауады. Түнде - 9, күндіз - 5 градус ауа райы қалыптасады.

Ал Шымкентте күн ашық. Термомтер түнде - 10, күндіз + 3 градусты көрсетеді.



Sputnik.