Ақпанның қай күндері магнит дауылы болады

03.02.2024 16:19

G1 дауылы әлсіз болып саналады

elements.envato.com

Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының сайтында ұсынылған кестеге сәйкес, 5 ақпаннан кейін ұзақ тыныштық болып, 26 ақпанда аздаған ауытқулар болжанады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа-райына тәуелді адамдар мұны сезінеді.

Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денесін мұқият тыңдауға және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі.

Оқи отырыңыз: Тұман, көктайғақ және жел: 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы