Синоптиктер жаңбыр, қар, көктайғақ және температураның күрт төмендеуін болжады
Қазақстанның бірқатар облысында 7-8 сәуірде ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қостанай облысы
7 сәуірде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м /с. Ауаның температурасы түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 0-5 жылыға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
7 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 0-5 аязға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Ақмола облысы
7 сәуірде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 08 сәуірде түнде облыстың шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-батысында 3 градус аяз, күндіз 2-7 жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 аязға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Астана қ.: 7 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 8 сәуірде түнде қар, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 7 сәуірде таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 7 сәуірде ауаның температурасы түнде 3-5 жылыға дейін, күндіз 5-7 жылыға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Павлодар облысы
7 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. 8 сәуірде облыстың солтүстігінде қар, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 7 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, 8 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 8 сәуірде ауаның температурасы түнде 5-10 аязға дейін, күндіз 2 аяз - 3 жылыға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Абай облысы
8 сәуірде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 2 аяз - 3 жылыға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 3 аяз - 2 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 8 аязға дейін, күндіз 0-5 жылыға дейін күрт төмендеп, әрі қарай төмендеуі күтіледі.