Тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Шымкентте кей уақытта тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады.
Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Петропавлда жаяу бұрқасын болып, Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
28-30 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз 28 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Таразда 28-30 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.