Қарағанды тұрғыны 30 градустық аязда үсіп өлді

29.01.2019 16:24

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға алып келгеннен кейін ер адам жарты сағат комаға түсіпті.

КТК

30 градустық аязда үсіп өлген кісіні көшеден тауып алғандар ауруханаға апарған, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

Қарағанды тұрғыны 30 градустық аязда үсіп өлді. Ер адамның тұрғылықты жері жоқ. Алкогольдік ішімдік ішкен ол көшеде құлап қалған. Жатқан жерінен басқалары көрмейінше бірнеше сағат бойы орнынан қозғалмапты. 30 градустық аязда үсіп өлген кісіні көшеден тауып алғандар ауруханаға апарған. Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға алып келгеннен кейін ер адам жарты сағат комаға түсіпті. Содан кейін қайтыс болып кеткен. Оның жағдайы ауыр болған. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қарағандыда ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді.