Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

07.04.2020 16:25

Тауда абай болыңыздар

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы 7-10 сәуір аралығында Алматы маңында жауын-шашын жауады деп болжанған. Жылымықтын әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2000 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпағандарыңыз жөн. Тауда абай болыңыздар» - деп ескертеді мамандар.