Бірнеше облыста өрт қаупі бар
Қазақстанның бірқатар облысында 13 мамырда ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Астана
Астана қ.: 13 мамырда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
13 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Қонаев қ: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
13 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары күтіледі.
Жезқазған қ.: 13 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
13 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары күтіледі.
Қарағанды қ.: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
13 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Шымкент қ: 13 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: 13 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
13 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
13 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Петропавл қ.: 13 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
13 мамырда Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 13 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
13 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
Ақмола облысы
13 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Көкшетау қ: 13 мамырда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. күтіледі. Шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
13 мамырда күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Қостанай облысы
13 мамырда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қостанай қ: 13 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
13 мамырда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Талдықорған қ.: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
13 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 13 мамырда түнде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы
13 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Павлодар облысы
13 мамырда таңертең және күндіз Павлодар облыстың оңтүстік-батысыңда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус усік күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 13 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.