2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ең жылы ай болды

24.kz
24.kz
Былтыр желтоқсан айының басында Шымкентте қыс мезгілі үшін өте жылы температура – +25,7°С тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың желтоқсаны республика аумағында жылы болды, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде көктемгі температура сақталды. Бұған Иран мен Орталық Азиядан жиі ығысқан жылы ауа массалары себеп болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазгидромет" мәліметінше, жер бетіндегі қабатта оңтүстік және солтүстік-батыс циклондармен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің көп мәрте өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалды. Республиканың көп бөлігінде айдың екінші жартысында қар жауып, боран соқты, арасында қатты жауын-шашын болды. Елдің оңтүстік бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауды. Оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлердің таулы және тау бөктерлі аудандарында алғашқы он күннің соңында 18 мм-ге дейін қатты жауын-шашын тіркелді. 

Айдың ортасында Түркістан облысында 25 мм жауын-шашын түсті, сонымен қатар тұман мен көктайғақ тіркелді. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары, тек елдің шығыс пен оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттық нормаға сай болды.

Новости партнеров