Үндістанның солтүстігін қар басты

27.01.2023 16:28

Сринагар әуежайында барлық рейс тоқтатылды

fototelegraf.ru

Үндістанның солтүстігінде – Кашмир провинциясында қар жауып, қар үйінділері 60 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі MIR 24-ке сілтеме жасап.

Жаңбыр салдарынан электр желілері зақымданған. Дауыл көлік қозғалысын қиындатқан. Кашмирді басқа штаттармен байланыстыратын жалғыз жол жабылды. Сринагар әуежайында барлық рейс тоқтатылды.

«Кашмирде жарты метрге жуық қар жауды. Адамдар қиындыққа тап болғанына қарамастан, олар ерекше әсерде», – дейді жергілікті тұрғын Ариф Ахмад.

Кашмирде чиллай калон деп аталатын қатал қыс болып жатыр. Синоптиктер алдағы аптада ауа-райы өзгереді деп болжап отыр.