Алматыда аптап ыстық болады

06.07.2021 16:30

Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауын сұрайды

открытые источники

«Қазгидромет» РМК-нің Дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында ыстық ауа температурасы сақталады деп күтiледi, деп хабарлайды Almaty.tv

Күндіз термометр  бағанасы + 36 + 38 ℃ дейін көтерiледi.

Ыстық ауа-райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті.

«Сыртқа шықпай,үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап,  тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау керек. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылау қажет», – деп атап өтті ТЖД.