|
13.08.2019 | 12:02
4490

Жел тұрып, жаңбыр жауады: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ожидаются усиление ветра, пыльная буря, шквал, возможен град

Жел тұрып, жаңбыр жауады: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы фото из открытых источников

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 13 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, кей жерлерде Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир