Шығыс Қазақстан облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды

07.08.2021 16:31

Жер асты дүмпулері Өскеменде сезілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 09.01-де жерасты дүмпуін тіркеді. Жер асты дүмпулері Өскеменде сезілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 847 шақырым қашықта, Қазақстан аумағында орналасқан. «Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1, тербелісі – 4.2. Жер сілкінісі ошағының координаттары – 49.63° с.ш. 82.82° в.д. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісі Өскемен қаласында сезілді», – деп хабарлады «Алматы» ОСО кезекші операторы.