Қар, жаңбыр, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

26.12.2022 16:43

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады

ашық дереккөзден

Синоптиктер 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

"Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.