Алматы уақытымен 09.35-те жерасты дүмпуі тіркелді
Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 тамыз күні Алматы уақытымен 09 сағат 35 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – 4.1. Эпицентрінің координаттары 41.91° с.б. 79.27° ш.е. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ. Мәлімет 14 тамыз күні сағат 09.44-те жарияланды.