Қарағанды облысында қалың қар жауды

25.04.2022 в 17:00

Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымға дейін ылғалды қар түріндегі жауын-шашын байқалды

Қарағанды облысында қалың қар жауды. Автокөлік жолдары әзірге ашық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін облыста дауылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің мәліметінше, 25 сәуірде түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын, қар күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтілуде. 

"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева дымқыл қардың таң ата жауғанынхабарлады.

"25 сәуірде сағат 5.30-дан 9.00-ге дейін Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымға дейін ылғалды қар түріндегі жауын-шашын байқалды. Қазір ауа райы қалпына келді. Жол жүру әдеттегідей жүзеге асырылады. Жол қызметтері жұмыс істеп тұр", - деп түсіндірді ол. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жол ашық, жол жүру қамтамасыз етілген.

"Республикалық маңызы бар жолды жабу мәселесі жергілікті полиция қызметімен, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе пысықталуда. Жол көктайғақ болған кезде және көріну нашарлаған кезде жабылады", - деп қосты Стамғазиева.