Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және республиканың шығысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Бүгін ел өңірінің жерлеріңде жел күшейеді, көктайғақ, тұман түсіп, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, күндіз Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі.
Түнде Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 2-3 градус үсік жүреді.