Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

01.02.2021 16:52

Көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, солтүстік бөлікте ауа температурасының көтерілуі күтіледі

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 2-4 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Атлантикалық циклон жырасы Қазақстан аумағында батыстан шығысқа қарай ығысып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын алып келеді. Сондай-ақ көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, солтүстік бөлікте ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Оңтүстік өңірлер биік жотаның әсерінде болады, соған орай жауын-шашынсыз, ашық күн райы болжанады», – делінген ақпаратта.