"Қазгидромет" РМК тамыз айында еліміздің қай аймақтарында құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Синоптиктердің есептеуі бойынша, 2022 жылғы тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды есептемегенде, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болуы тиіс.
"Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының солтүстік және батыс аймақтарында, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.